«Самұрық-Энерго» мен «KEGOK» жылу маусымына дайын

Қазақстан аумағында 1960 жылы салынған электр станциялардың 70-80% тозығы жеткен.

Бұл түйткіл энергоблоктарды жаңғырту арқылы шешіледі. Мәселен, Екібастұз қаласының «1-ші мемлекеттік аймақтық электр станциясындағы» алғашқы энергоблок биыл іске қосылады. «Үшінші блокты да жаңарту жоспарда бар», - деді Қайрат Мақсұтов. «Самұрық-Энерго» Басқарма төрағасының айтуынша, тағы «2-ші мемлекеттік аймақтық электр станциясын» жаңғырту көзделіп отыр. Көмір жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. «Самұрық-Қазына» кеңсесінде өткен Қоғамдық кеңес отырысында «KEGOK» компаниясы да есеп беріп, өкілдері жылу маусымына дайын екенін айтты.

Нәби Айтжанов, «KEGOK» АҚ басқармасының төрағасы:

- Инвестициялық бағдарламалар бойынша жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Биылғы жоспар бойынша 19 млрд теңге инвестицияны 2023 жылдың соңына дейін игеріп боламыз.