Ә. Смайылов «Бәйтерек» холдингіне жаңа басшыны таныстырды

Бәйтерек холдингінде жаңа басшы.

Премьер-министр ұжымға Нұрлан Байбазаровты таныстырды.

Әлихан Смайылов холдинг қызметін трансформациялау және ауқымды цифрландыру бойынша міндет қойылғанан еске салды. «Нәтижесінде бюрократиялық кедергілер жойылып, өтінімдерді қарау мерзімі қысқарып, бизнес қауымдастығының қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейі артуы қажет. Жаңа басшы алдағы жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», - деді Премьер-министр.