Балқашта жолдар жөнделіп жатыр

Балқашта жолдар жөнделіп жатыр

Балқашта ішкі жолдар қалпына келтіріліп жатыр.

Қала жолының 55 процентінің күйі нашар. Қазіргі таңда 15 шақырым жолдың 13 шақырымы толық жөндеуден өтті. Ал келесі жылы шамамен 23 километр жол жаңа кейіпке енеді. Сонымен қатар Балқаштың инженерлік желілерін жаңғыртуға биыл, бір жарым миллиард теңге бөлінді.

Темірхан Айдарханов Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:

Ең бірінші кезекте қаланың тозығы жеткен кәріз құбыры мен су құбырын ауыстыру, жылу құбырын ауыстыру керек. Оны ауыстырмай жол салып, бір жылдан кейін қайта қазатын болсақ ол қаржыны тиімсіз жұмсаған болады. Келер жылы да 20-25 шақырым деп салып отырмыз жоспарды.