Риддерде жылу беру маусымы басталды

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жылу беру маусымы басталды.

Айта кету керек, өткен  жылы бұл шаһардағы жылу мекемесінде апат болып, тұрғындар қыс бойы тоңып шыққан еді. Көктемге дейін  станциядағы қазандықтар  84  рет тоқтады. Осылайша қалада төтенше жағдай жарияланып, халық  қысты әупіріммен әрең өткерген. Биыл мекемеде мұндай қиындықтар болмауы керек- дейді мамандар. Өйкені жаз бойы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 68 жылдық тарихы бар көне жылу орталығы қайтадан іске қосылды.

Өткен жылдың қарашасынан бері Риддердегі жылу қазандықтарының жағдайы өлкедегі ең өзекті мәселеге айналды. Әбден тозығы жеткен станцияда апат соңынан апат тіркелді. Ақыры төтенше жағдай жариялауға тура келді. Мекемені жөндеуге Үкімет қорынан 9 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Орталық жұмысын қалыпқа келтіру үшін жүздеген бригада жұмылдырылды. Енді биыл үлкен келеңсіздіктер болмауы тиіс,- дейді мамандар.

Нұрлан Рамазанов, облыстық ТҮКШ басқармасы бастығының орынбасары:

- Былтырғыдай бізде жылу көлемінде болған 84 рет қазандық тоқтау деген енді  биыл ондайға біз жеткізбейміз.Қадағалаймыз, осындай болдырмауға тырысамыз.

Қазір екі қазандық жұмыс істеп тұр.Бүгінгі температуралық режімде осы екеуімен-ақ жылу маусымын бастауға болады дейді энергетиктер. Апта соңына дейін тағы бір қазандық жүйеге қосылады. Ал қалған жоғары қысымды үш қазандықты қосу  қарашаның ортасына жоспарланған. Ең бастысы- станцияны отын-сумен қамту мәселесі оң шешіліпті.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Қазір станцияда 7 жарым мың тонна көмір бар. Бұл екі аптаға ғана жететін қор. Бүгін 45 вагон жолда келе жатыр. Жалпы көмір кенішімен келісімшарт жақындаға жасалды.Өйткені ұған дейін станцияның меншік иесі белгісіз болып,  көмір өндірушілер кіммен келіссөз жүргізерін  білмеді. Тек 25 қыркүйекте ғана жылу орталығы  Риддер Водоканал мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілді. Осы күннен бастап станцияны мазутпен және көмірмен қамту бойынша  барлық шаруа реттеле бастады.

Станция үшін мазуттың маңызы ерекше. Сондықтан биыл бұл отынмен қамтуда былтырғыдай  кедергілер болмайды дейді,- қала басшылығы.

Дәулет Батырбаев, Риддер қаласының әкімі:

- Мазутты сақтайтын орын  толықтай жөнделіп, дайын тұр.Қыздыратын  бу желісі де әзір. Мазут қоры бар. Жақында тағы 180 тонна келеді. Жалпы көмірмен және мазутпен  үздіксіз қамту бойынша келіссөздер жасалды.Ол жағынан кедергі болмауы керек.

Зағипа Ошағанова әзірге пәтерінде қалың киіммен жүр.Өткен қысты да осылай өткерген еді. Зейнеткер жаз бойы ескі қазандықты жөндеуге талай күш жұмылдырлып жатқанынан хабардар. Сондықтан  биыл «бойымыз жылиды» деп сеніп отыр.

Зағипа Ошағанова, Риддер қаласының тұрғыны:

- Естіп жатырмыз біздің жаққа үлкен специалистер кеп жатыр, ТЭЦ-ті жөндеп жатырОсының бәрін жөндесе бәрі түзу болады.

Қазір ондаған жылдар бойы бір құбыры жөнделмеген Риддер жылу орталығын мемлекет меншігіне өткізу процесі жүріп жатыр. Бұрынғы меншік иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал жаңа басшысы қордаланып қалған 5,5 миллард теңге қарызды мемлекетке қайтарамын деп отыр.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин