Израильдегі жағдай: Air Astana әуе компаниясы мәлімдеме жасады

Air Astana жолаушыларды Тель-Авивтен әкелудің балама жолдарын қарастырып жатыр.

Израильдегі жағдайға байланысты бұл жаққа көптеген халықаралақ авиакомпаниялар рейстерін тоқтатқан. Тель-Авив-Алматы бағытындағы ұшақта уақытша кейінге қалды. Ұшаққа билет алған 138 адамның 37-сі – Қазақстан азаматы. Тасымалдаушының хабарламасына сай отандастарымыздың 7-еуі Air Astana әуе компаниясының интерлайн-серіктестерінің рейстеріне ауыстырған. 19-ы билеттің ақшасын қайтарып алды.