МӘМС-тің қаржыландыру жүйесі өзгереді

Биыл еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне 2 жарым трлн тг бағытталды, оның 44%-ы медициналық сақтандыру жүйесіне тиесілі.

Алайда қаржыландыру көлеміне қарамастан, іс жүзінде әрбір емдеу мекемесі кредиторлық қарызға батып отыр. Үкімет сағатында Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева осылай деп, медициналық сақтандыру жүйесінен күтілетін нәтиже керісінше болып отырғанын айтты. Бөлінген қаржы көлемі артқанымен онда қордаланған мәселе шаш етектен. Шұғыл көмекке мәжбүр 3 млн астам адам сақтандыру жүйесінен тыс қалған. Оларға көптеген медициналық көмек түрі қолжетімсіз. Тұрғындар ақылы көмекке жүгінуге мәжбүр. Депутат Асхат Аймағамбетов соңғы 2 жылда халықтың емге жұмсайтын шығыны 27% - дан 31% - ға дейін өскенін жеткізді. Сақтандыру қорының басшысы 6 жыл ішінде 7 рет ауысқан. Депутаттар жаңа жылдан бастап қаржыландырудың жаңа моделіне көшу жоспарланып отырғанын жеткізді.