Түркістанда ескі стадион қайта жаңғыртылды

Түркістанда даңқты волейболшы Октябрь Жарылқапов атындағы стадион қайта жаңғыртылды.

Іргетасы осыдан 60 жыл бұрын қаланған кешен толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Заман талабына сай қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтылды. Жаңа стадион бір мезетте 150 спортшы мен 2 мыңнан астам көрерменге қызмет көрсете алады. Мамандар мұнда футболдан ел біріншілігі ойындарын өткізуге мүмкіндік бар екенін айтады. Стадионда бірнеше спорт мекемесі орналасады. Шағын футбол, стритбол, үлкен теннис сияқты спорт түрлерімен кәсіби тұрғыда жаттығуға мүмкіндік бар. Кешен әбден тозып, біраз жылдан бері қолданыстан шығып қалған болатын.

Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы:

- Қазақстан емес, Орталық Азияда болейболдан шыққан бұндай адам болған емес. Октябрь Жарылқапов кеңес одағының құрамына кіріп, сонда ойнау деген мәртебе - біздің қазақтың тарихында болмаған. Біз жас кезіміз «біздің Түркістанның жігіті, біздің ағайынымыз» деп мақтантын едік. Біздің оймызға кірмеген тамаша жағдайда стадионды салып, жастардың келешекте денсаулығын арттыру үшін, ойнасын, дендері мықты болсын.