ШҚО-да 280 заңсыз қоқыс алаңы анықталды

Шығыс Қазақстан облысында рұқсат етілмеген жерге үйілген күл-қоқыс азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ғарыш сапары» космостық мониторинг нәтижесіне сүйенсек, 9 айдың ішінде 280-нен астам заңсыз алаң анықталған. Мәселен, тек қана Ұлан ауданында рұқсатсыз төгілген 100 қоқыс үйіндісі жатыр. Бей-берекет шашылған қатты қалдықтарды уақытылы тазартып, тиісті жұмысты істемегені үшін 2 бірдей ауылдық округ әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әзірге заңсыз үйілген 130 орны қоқыс тазартылды. Жыл соңына дейін бұл шара жіті қадағаланады.

Бақыт Құмарқанова, ШҚО бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор:

- Егер де осы шаралардың барлығы орындалмаған жағдайда 1 ай уақыт береміз, осы 1 ай уақыт біткен соң бізге олар фотоесеп жібереді, соған қараймыз, егер арыздар болса, қайта шығып, сол жақты қараймыз.