Цифрландырудың игілігін көргендер көп

Барлық басшы үшін өз саласын жаңа деңгейге шығару маңызды. «Даму» қоры Басқарма төрағасының орынбасары осылай дейді.

Мұрат Бапаевтың айтуынша, жаңа технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Қазір көріп-білемін деген адамға ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан бірқатар компания өз қызмет көрсетуін жеңілдету мақсатында цифрландыруға көшкен. Мемлекет басшысының тапсырмасы да, заман талабы да – осы, - дейді ол.

Мұрат Бапаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Мәселен біздің қор кәсіпкерлердің субсидия алуы үшін жеңілдетіліп отыр. Ол саланы цифрландырудың нәтижесінде жүзеге асты. Яғни, бұрын қағазбастылық болды. Сондықтан өтінім беру процесі 1 айға дейін созылып кетуі мүмкін еді. Ал қазіргі таңда өтінімді қарау процесі 21 күннен 3 күнге дейін қысқартылды. Міне, цифрландырудың игілігі деген – осы.