Алматы тауларында қар көшкіні болды

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді.

Ресми дерек бойынша, ақ ұлпаның сырғуына екі кәсіби шаңғышы себепкер болған. Құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жолға шықты. Әзірге белгілісі, жарақат алғандардың бірінің жасы 33-35 шамасында. Бұл туралы 109 құтқару қызметіне қоңырау шалған жолдасы хабардар етті. Бұған дейін жергілікті төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз күн райы болатынын ескертіп, Алматы тауларына бару қауіпті екенін хабарлаған еді.