Қызылордада «Арманда» бизнес форумы өтті

Қызылордада «Арманда» атты халықаралық білім беру бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында жойылып бара жатқан мамандықтар мен сұранысқа ие қызмет түрлері жөнінде кең мағлұмат берілді. Қоғам белсенділері, медиаменеджер және дін өкілдері өмірлік тәжірибелерін айтып берді. Отбасы құндылығы, гендерлік теңдік және әйелдің қоғамдағы рөлі туралы тақырыптар қозғалды. Дін мен ұлттық салт-дәстүрді ұштастыру, ұлттың болмысына сай жастарға әдет-ғұрыпты дәріптеу тетіктері де талқыға салынды. Қатысушылар спикерлерге түрлі сауал қойып, емін-еркін диалог өрбіді.      

Ләйлә Сұлтанқызы, қоғам белсендісі:

- Алдыңғы қатарға шығатын үлкен проблема жастардың арасындағы бұл – жұмыссыздық. Бұл өңірде де ол мәселе бар екенін білемін, көріп жүрмін, жазып жатады қыз-келіншектер. Мысалы, бір ғана мобилография деген мамандық пайда болды. Мобилография арқасында 7 мамандық пайда болды. Егер үйренемін деген жасқа таңдайтын болса, киберқауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін агенттер бар. Олардың жалақысы үлкен. IT саласында осыған ден қою керек екенін уақыт дәлелдеді.

Нұрлан Асанов, дінтанушы:

- Қазақ руханиятының бұлағы шайқалмаған жер болмағандықтан, көбінесе отбасындағы балалармен мәміле, ұрпақ тәрбиесі, ойынқұмарлық, ішімдік немесе суицид жағдайлармен қалай күресеміз? Ұрпақты қалай тәрбиелейміз және сөзді бұрмалау, дұрыс түсінбеу солардың нақты шешімін қалай түсінуіміз керек? Не деп жауап беруіміз керек, осы бағытта ой бөлістік.