Елордада еңбек адамдары марапатталды

Республика күніне орай еңбек адамдары "Жаңа Қазақстанның парасатты тұлғасы" төсбелгісімен марапатталды.

Құрмет төріне ғылым-білім, кәсіп және денсаулық саласында ондаған жыл тер төккен мамандар көтерілді. Барлығы 100-ден аса адамнан өтініш түсті. Соның ішінен арнайы комиссия 30-ға жуық маманды мерейлі марапатқа лайық деп таныды. Еңбек жолы мен жеткен жетістіктеріне мән берілді.

Мағжан Садыханұлы, "Жаңа Қазақстан" ҚБ төрағасы:

- Басымдық негізінен халық шаруашылығы саласында еселі еңбек етіп жатқан кәсіпкерлерге маңыз береміз. Сосын ғалымдарға көптеген ғалымға марапат беріліп отыр, 9 профессор медицина саласындағы. Оның үстіне осы өздері еңбек еткен 30-40 жыл ішінде ешқандай марапатқа ие болмаған екен.