Ел жастары #RepublicDay мерекелік челленджін бастады

Республика күні қарсаңында ел жастары #RepublicDay мерекелік челленджін бастады.

Акция жастар арасында ұлттық мерекенің мән-маңызын ашу және насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, жастардың жетістіктері мен ел дамуына қосқан үлесін жария ету. Науқанды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар кеңесінің мүшелері, Республикалық Жастар ұйымдарының көшбасшылары мен түрлі саладағы озат жастар қолдады. #RepublicDay шарасына барша азамат қатыса алады. Бұл үшін әлеуметтік желі парақшасында өзінің жетістіктері мен еңбек жолындағы қызықты деректерімен бөлісуі қажет. Мәтіндерді #RepublicDay арнайы хештэгімен жариялау керек.