Ақтөбеде бөртегүл қайта гүлдеді

Әдетте көктемде ғана бүршік ататын өсімдіктің күзде гүлдеуі бұрын-соңды болмаған.

Сәуле Тәжина ауладағы үш түп бұтаны он бес жыл бұрын еккен. Қазір біреуі бүршік жарып, көктемнің күніндей қайта оянып тұр. Табиғаттың бұл тылсым құбылысы шырын жиған бал араларына да күтпеген сый болған сыңайлы.

Сәуле Тәжина, қала тұрғыны:

- Бұталардың басында гүлдері өте көп. Көктемдегідей ашылып жатыр. Табиғаттың, климаттың өзгеруінен бе деп ойлаймын. Өсімдіктер қайта оянып жатса, яғни күз жылы болатын шығар деп отырмыз.