#RepublicDay челленджі Алматыда жалғасын тапты

Елордасы Астанадан басталған #RepublicDay челленджі Алматыда жалғасын тапты.

Қаланың белсендері жастары, еріктілер мен тұрғындары көк туымызды көтеріп, орталық көшемен жүріп өтті. Республика күніне арналған іс-шара тұрғындарды патриоттыққа тәрбиелеу және ұлттық мерекенің маңызын насихаттауға бағытталған. Шеруге қатысушылар көше бойындағы дәмхана, кәсіпорын, дүкен сынды нысандарға ту сыйлады. Мұндағы мақсат – мерекелік көңіл-күйді барша тұрғындарға көрсету. Ал елімізге қатысты қызықты сұрақтарға жауап берген адамдарға байрақ пен шоколад тарту етілді.

Сейіткерім Оңғарбай, Алмалы аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

- Біз жастар арасында отансүйгіштік тақырыбындағы өздерінің ішіндегі дүниелерін сұрайтын боламыз. Ол жерде көптеген мақал-мәтелдер айтуы мүмкін немесе өлеңдер айтуы мүмкін. Бұл біздің бір жағынан әдебиетіміздің дамуы және қоғамдағы жастардың орны білінетіні анық.