Мемлекеттік қызметті дамыту – күн тәртібінде

Елдегі Мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениеті алдымен «Адами факторды» болдырмауға негізделеді.

Сондай-ақ бюрократиядан арылып, әрбір қызметке қолжетімділікті қамтамасыз етумен айқындалады. Бүгінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру аясында бірқатар жұмысты қолға алды.

Наурыз айында «Е-қызмет» жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәсілі іске қосылды. Пилоттық жоба бос жұмыс орындары үшін жарияланған конкурстың ашықтығын қамтамасыз етеді. Оған азаматтар онлайн өтінім бере алады. Сонымен қатар тестілеуден де қашықтан өтуге мүмкіндік береді.

Альмира Оразбай, тілші:

- Пилоттық жобаның өз ерекшелігі бар. Онда адами факторды болдырмау үшін кандидаттарға арнайы Айди номер беріледі. Яғни үміткерлердің  деректері өздеріне ғана мәлім. Ал басқаларға қолжетімсіз.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Біздің «Е-қызмет» порталымыздың сыртқы формасын аштық. Яғни онлайн тұрғыда қатыса беруге болады. Е-қызмет порталы ішкі жұмысын атқарып келді. Біз оны әлі де жетілдіріп жатырмыз. Жобаны жүргізудегі мақсатымыз – мемлекеттік қызметке кіруді онлайн өткізу. Яғни тест орталықтарына бармау, адами факторларды азайту.

Мамандардың айтуынша жаңа жүйені іске қосу арқылы бірден бірнеше мәселенің түйіні тарқаған. Мәселен қазір қағазбастылықтан арылуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұған тек ифрландыруға көшу арқылы қол жеткізуге болады.

Айнұр Серғазиева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:

- Цифрландырудың тиімді тұсы көп. Мысалы кандидаттың жеке номері болғандықтан,,  жеке деректері басқаларға қолжетімсіз. Үміткер тестілеуі сәтті аяқтап, жұмысқа қабылданса,, артық сұрақ туындамайды. Яғни цифрландыруға көшу – «адами факторларды» жояды деп айтуға негіз бар.

Биыл мемлекеттік қызметтегі борындар үшін 700-ден астам конкурс ұйымдастырылған. Оған  4,5 мыңға жуық азамат қатысуға ниет білдірді. Алайда оның 378-і ғана іріктеуден өтті. Айта кету керек, өткен айдан бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды. Бір айда 30 мыңнан аса адам өтінім беріп,  тек 6 мың үміткер екінші кезеңге жолдама алды.

Бибігүл Құрманова, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:

- Бізде коворкинг бөлме бар. Онда түрлі тақырыпты кеңінен талқылай аламыз. Агенттіктің есігі Жастар кадр резервінің мүшелеріне айқара ашық. Қазіргі таңда министрліктерге ұсыныстарымызды жолдап, әрбір туындаған проблеманың шешімін табуға бірге жұмыс істейтін дәрежеміз бар.

Қазір бұл саланы дамытуға күш салынып жатыр.  Биыл мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіруге бағытталған 250 ұсыныс әзірленіп, 33 түзету енгізілді. Бұл нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп отыр.

Авторлары: Альмира Оразбай, Серік Қоңырбаев