Талдықорғандағы Жастар-2 ықшам ауданына табиғи газ берілді

22 шақырымға құбыр тарту үшін 260 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Мердігер мекеме жұмысты былтыр бастап уақытылы аяқтады.  Бес жүзден аса отбасы көмір тасып, күл шығару машақатынан құтылатын болды. Бұл жұмыстар қыс түскенше жалғасады. Яғни, көшелерінің ұзындығы 113 шақырымнан асатын Ынтымақ ықшам ауданы газдандырылады. Келесі жылы қала ішіндегі бірқатар учаске мен  Мойнақ ауылына газ желісі жүргізіледі. Жалпы қазіргі таңда қала тұрғындарының 60 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр.    

Мұхит Жанбаев, қала тұрғыны:

- Былтыр қыста 6-7 тонна жақтық. Ол енді қалатағы кәдімгідей шығын келтіреді. Енді газ келіп жақсы болды. Қуаншытымын. Биыл қыста қиналмайтын шығармын.

Ернат Бәзіл, қала әкімі:

- Бізде 12 дачный массив бар. Соның бәріне ақша бөлінді қазір жобасы әзірленіп жатыр. Жыл ортасына дейін жобасы әзір болса, соңына дейін жұмыста бастап кетсе оның бәрін 25 жылдық соңына дейін аяқтасақ сонда бізде Талдықорған қаласы жүз пайыз газбен қамтылады.