9 мың адам зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға берді

Қазақстандықтар 13 млрд теңгеге жуық зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға берген.

Бұл жайында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері айтты. Барлығы 9 мың адам осындай шешім қабылдаған. Басым бөлігі – Алматы қаласының тұрғындары. Олар 5 млрд теңгеден астам қаржыны жеке компанияларға сеніп тапсырды. Елордалықтардың салым сомасы бұдан екі есе аз. Маңғыстау мен Атырау жұртшылығы 600 млн теңге жинағын аударған. Алматы облысы мен Түркістан аймағының азаматтары да онша белсенді емес.