Жетісу облысындағы елді мекендерге газ тартылды

Талдықорған қаласы толық газдандырылды.

Қазір көгілдір отын игілігін 55 мыңдай тұрғын көріп отыр. Қаратал ауданының Қалпе және Оян ауылдары газ құбырына қосылды. Енді осы елді мекендерде екі жарым мыңдай адам көмір жағу машақатынан құтылады. Қазір әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жылыту пештері жеңілдікпен орнатылып жатыр. Жалпы Қаратал ауданында әлі 43 мыңдай үй табиғи газға зәру. Жыл соңына дейін Жаңаталап, Ескелді би, Көкдала, Қызылжар, Достық, Тастөбе, Ортатөбе және Бастөбе ауылдары газбен қамтылады. Инфрақұрылымдық желіні тартуға 3 миллард теңгедей жұмсалады. Жалпы Жетісу облысын 2030 жылға дейін толық газдандыру жоспарланып отыр.

Қарлығаш Әсембаева, Қалпе ауылының тұрғыны:

- Қаншама жылдар бойы көмір жағып, 5 тонна көмірге дейін аламыз. Қосымша отынымыз бар тағы алатын. Сондай көп қаражат кететін. Қазір алау газ кіріп, қуанып жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Енді көмір де, күл де шығармайтын болдық.

Әсет Қанағатов, облыс әкімінің орынбасары:

- Жетісу облысында 358 елді мекен бар. Оның ішінде 292 елді мекен газдандыруға жатады. 20 елді мекенде газ құбыры бар. Биыл тағы 20 елді мекен газға қосылады. Келесі жылы 23 елді мекенді газға қосуға жоспарлап отырмыз. Барлық қаржысы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген.