Сарапшылар қоғамның қазіргі құндылық бағдарларын талқылады

Қоғамның қазіргі құндылық бағдары қандай?

Бүгін осы тақырып төңірегінде бір топ сарапшы өз ойларын ортаға салып, пікір таластырды. Талқылауға Мәжіліс депутаттары, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық институттардың өкілдері қатысты. Жиын барысында мамандар қазіргі уақытта құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін қарастырды. Бұл бағытта сарапшылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтқан сөзіндегі негізгі үрдістерге тоқталды. Отырысқа қатысқандар қоғамның басты құндылықтары ол тәуелсіздік, патриотизм, әділдік, жауапкершілік, жасампаздық және даму екендігін атады. Сонымен қатар сарапшылар жастар арасында жаңа тенденцияларды насихаттаудағы қоғамдық институттардың маңызы мен рөліне де тоқталды.