Алматыда «Қоғамдағы дәрігер мәртебесі» атты конференция өтті

Елімізде дәрігер мәртебесін көтеру керек.

Адам өмірін қорғайтын осы жандар. Ал олардың өзі қамқорлыққа зәру. Соңғы кезде медицина қызметкерлерін жәбірлеп, тіпті қол көтерген оқиғалар жиілеп кетті. Сондықтан қауіпсіздік, алдыңғы орында болу керек, дейді сала өкілдері. Осы мәселе Алматыда өткен «Қоғамдағы дәрігер мәртебесі» атты конференцияда талқыланды. Ақ халаттылар әлеуметтік желіге өздеріне қатысты бейне жазбаларды, істің анық-қанығын білмей жатып салуға наразы. Олар өздері жұмыс істейтін мекемелерді бейнекамералармен толық қамтамасыз етуді және күзет қызметін жақсартуды сұрайды. Оған қоса, әлеуметтік жағдайды жақсартуға қатысты талаптары бар. Осының бәрін ре-золюцияға енгізіп, Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері мен, Парламент Мәжілісінің депутаттарына ұсынды.

Гүлдара Нұрымова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мен өзім дәрігер ретінде, мәжіліс депутаты ретінде осы мәселелерді қазір көтеріп жатырмыз. Қазір бізде мәжілісте денсаулық саласына қатысты заң жобасы қаралып жатыр . Осы заң жобасында кодекске өзгертулер енгізу туралы осы мәселелерді көтеріп жатырмыз. Осы форумда резолюция қабылдаймыз. Оның 11 пункті бар. Соның ішінде дәрігерлердің жағдайын жасау, мәртебесін көтеру.