Ақтөбеліктер көк байрақты желбіретті

Мемлекеттік ту қаладағы ең биік 25 қабатты үйдің әр қабатында тұр.

Жастар бастаған іс-шараға тұрғындар белсенді атсалысып жатыр. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізу кезеңінің куәгерлері мұндай игі істің тарихи әрі тәрбиелік мәні зор, дейді. Жалпы облыс орталығындағы 100-ге жуық үйдің шатырына мемлекеттік ту тіккен.

Аманғазы Жылқыбаев, қала тұрғыны:

- Бүкіл дүние жүзіне танымал болған Димаш деген баламыз қазір мінекей осы туды алып, дүние жүзін аралап жүр. Қазақстанның дәрежесін көтеріп, таратып жүр. Кеше Азия ойындары өтті. Қандай жақсы жетістікке жетіп жатыр жастар жағы. Мысалы біздің Ақтөбе облысының өзінде Әжіханов деген жігіт бірінші орын алып каратэден еліміздің туын аспанға көтерді. Мұның барлығы еліміз үшін, Отанымыз үшін, сіздер сияқты жастар үшін бұл үлкен дәреже.