Елордада дәрігер Нұршаш Нұрмұқанның кітабы таныстырылды

Бүгін елордада жоғары санатты дәрігер Нұршаш Нұрмұқанның "Инемен емдеудің қыры мен сыры" атты кітабы таныстырылды.

Тұсаукесерге жақындары, әріптестері, сала ардагерлері мен депутаттар келді. Автордың айтуынша, бұл туынды ең әуелі кәсіби медицина мамандарына арналған. Ал медициналық білімі жоқ азаматтарға кешенді нұсқаулық кеңестерін үй жағдайында орындауға болмайды. Айта кеткен жөн, еңбек мемлекеттік тілде әзірге 300 данамен басылған. «Сұраныс болса, нарыққа кеңінен шығарамыз», - дейді Нұршаш Нұрмұқан.

Нұршаш Нұрмұқан, кітап авторы:

- Инемен емдеу арқылы жүйке жүйесінің ауруларын, буын ауруларын және басқа да ауруларға көмегі үлкен болғандықтан, біз осы инемен емдеу ғылымын ары қарай дамытып, осының теориялық негізін қалап, қазақ тілінде осындай кітаптар жоқтың қасы. Сондықтан қазақ тілінде жүйелі кітап жазуды ойға алдық.