Қарағандыда инвесторлардың құқы қорғалып жатыр

Қарағанды аймағында жалпы құны 400 миллиард теңгеден асатын 36 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы сәуір айынан бастап маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура органдары сүйемелдеу тиістігін айтқан еді. Қазір қарағандылық құқық қорғау өкілдері бұл бағытқа ерекше ден қойған. Бүгінде уәкілетті органдардың инвесторлармен тиісті жұмыс істемейтіндігі және олардың құқығы бұзылғандығын анықтады. Мәселен инвестор жобаны іске асыру барысында шаруа қожалықтарымен келісімге келе алмай, шаруашылық жерлері арқылы өтетін электр желілерін салуды ұзақ уақыт бастай алмаған. Кейіннен іске прокурорлар араласып, құрылыс жұмысы жанданды.