Қызылорда өңірінде халық саны өсті

Қызылорда облысында халық саны кейінгі 10 жылда 105 мың адамға көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Статистикалық мәліметке сүйенсек, өңірде 850 мыңға жуық тұрғын бар. Оның 47%-і қалада, қалғандары ауылдық жерде қоныстанған. Демографиялық оң динамика қалыптасқан өңірде жыл басынан бері 14 мыңдай нәресте дүниеге келді. Қуантарлығы өткен жылдармен салыстырғанда бала өлімінің азайғаны байқалады. Сондай-ақ  некеге тұру көрсеткіші ажырасудан 10 есеге артық болып тұр.   

Қайрат Әбсұлтанов, облыстық Статистика департаментінің басшысы:

- Үстіміздегі жылдың 8 айында некеге тұрғандар саны 2962, ал ажырасулар 253 құрады. Көші-қон қызметі органы ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2023 жылдың қаңтар-тамызында облысқа тұрғылықты келгендердің тіркелу саны 16288 адамды, облыстан кеткендер саны 20762 адамды көші-қон айырымы 4474 адамды құрап отыр.