Президенттік орталықта «Бетбұрыс межесі» атты көрме ашылды

Президенттік орталықта Республика күніне орайластырылған «Бетбұрыс межесі» атты көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Музейлік жинақтан құралған экспозиция аумақтық тұтастық, мемлекеттік рәміздер, жаһандық бастамалар мен жетістіктер, экологиялық қауіпсіздік сияқты тақырыптарға арналған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияда жазылған негізгі қағидаттарды көрнекі түрде көрсететін 60-тан астам мұрағаттық құжат, кітап басылымдары мен музей заттары көрермен назарына ұсынылды. Көрме 23 қарашаға дейін жалғасады.

Ботагөз Қайыпова, ҚР Президенттік орталық директорының орынбасары:

- Өзіміздің көне заманнан қалыптасып келе жатқан мемлекеттілік ұстанымдарымыз бен заңдылықтарға назар аудара отырып, сыртқы шекарамызды бекіту, қарулы күштерімізді қалыптастыру, сыртқы саяси сахнаға жас мемлекеттік жария ету, бұл жәдігерлер толығымен қазіргі көрермендерге, әсіресе жастарға дәріптеп береді деген ойдамыз.