Республика күні – тарихи маңызы бар мереке

Елімізде түрлі мереке бар.

Алайда Республика күнінің әр азамат үшін ролі айырықша. Белгілі кинорежиссер, Қазақстанның Халық әртісі Талғат Теменов осылай дейді. Оның айтуынша, айтулы датаның тарихи маңызы зор. Сондықтан оны әсіресе өскелең ұрпақтың бойына сіңіру қажет. Себебі бұл  күнді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру – парыз.

Талғат Теменов, ҚР халық әртісі:

- Мемлекеттің, республиканың туған күні. Бұл біздің тәуелсіздік алғандағы алғаш декларация жасаған күніміз. Мерекенің ел үлкені болғандықтан осы мерекені тек өзіміз емес, оны болашаққа, ұрпаққа қалдыруымыз керек. Өйткені біздің балалар, немерелеріміз осы мерекеге қарап бой түзейді, ой түзейді. Осы мереке болғандықтан шын мәнінде қуаныш екенін халық сезінуі керек. Ел көру керек, білу керек, тойлауы керек.