Президент мерекелік концертті тамашалады

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады.

Мерекелік шара «Астана Опера» театрында өтті. Концертте Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Айгүл Үлкенбаева, Димаш Құдайберген және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ хореографиялық топтар мен симфониялық оркестр өнер көрсетті.