Ә.Смайылов мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне наградалар табыс етті

Республика күні қарсаңында Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Оның ішінде педагогтер мен дәрігерлер, ауыл шаруашылығы, энергетика, сауда және интеграция, туризм және спорт саласының мамандары бар. Атап айтқанда, «Құрмет» орденімен «Шымкент жүрек орталығының» басқарма төрағасы Дархан Сүйгенбаев, «Ерен еңбегі үшін» медалінің «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» операциялық мейіргері Марал Шарденова марапатталды.

Марал Шарденова, "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" КЕАҚ операциялық мейіргері:

- Менің негізгі қызметім операция залында жұмыс процесін үйлестіру. Мейірбикенің жұмысы өте жауапты, ол ота кезінде барлығын бақылауда ұстауы тиіс. «Ерен еңбегі үшін» медалін алдым. Күтпеген жерден болды. Қуанышымда шек жоқ.