Қонаев қаласында Мемлекеттік кіріс департаментінің ғимараты қолданысқа берілді

Бұл облыс орталығы Қонаевқа ауыстырылғалы жаңадан ашылған алғашқы мемлекеттік нысан.

Сонымен қатар бүгін Республика күніне орай салтанатты мерекелік жиын өтіп, өңірдің дамуына атсалысып келе жатқан жандар марапатталды.

Мәдениет үйіне жиналған жұртты облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мерекемен құттықтап, өңірде атқарылған істер туралы баяндады.  Облыстың алдағы жеті жылға арналған даму стратегиясы әзірленді. Қонаев қаласының бас жоспары бекітілді. Сол бойынша ауқымды жұмыс атқарылады. Жиын барасында еңбегі елеулі азаматтар мемлекеттік наградамен және алғыс хатпен марапатталды. 

Данияр Құрамысов, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның директоры:

- Филармониямызға үлкен 31 орындық үлкен автобус кілті табысталды. Өте қуаныштымыз. Қуанышымызда шек жоқ.

Мереке қарсаңыда Алматы облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері жаңа ғимаратқа қоныстанды. 5 қабатты зәулім ғимарат  Республикалық маңызы бар жолдың бойында орналасқан. Мекемеде жүзге жуық адам жұмыс істейді.

Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:

- Халық әл-ауқатын арттыруға мемлекеттік кірістер саласы қызметкерлерінің қосып келе жатқан үлесі зор. скл ешқандай кедергіге қарамастан аянбай еңбек етіп келесіздер, жаңа ғимаратта ел болашағын жарқын етер жаңа жобалар іске аса берсін, ұлттық мереке құтты болсын.   

Құлмұханбет Исақов, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

- Үкіметтің назарының арқасында, облыс басшылығының қолдауымен осы ғимаратты сатып алып берді. Ремонты бітіп, салтанатты ашылып, көшіп жатырмыз. Бұл біздің коллектив үшін қуанышты жағдай.

Қалада көп жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген орталық саябақ ашылды. Аумағы 8 гектар болатын парк аумағына жас көшеттер егіліп, абаттандырылды.

Авторлары: А. Садуақас, А. Дүйсембаев, А. Жөнкешов