Қапшағайға 1 млн-нан астам шабақ жіберілді

Жалпы бағалы балық түрлерінің популяциясын үлғайту үшін Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарына жыл басынан бері тұқы балығының 1 млн 300 мың шабағы жіберілген.

Сондай ақ балық өсіретін шаруашылықтар жыл соңына дейін су қоймасын тағы да балықтандыруды жоспарлап отыр. Ол кезде 2 млн-ға жуық шабақ жіберілмек.

Жалпы Қапшағайда балықтың 32 түрі бар.

Ринат Құмашев, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:

- Аталған жұмыстар Қапшағай су қоймасындағы балықтың молаюына әкеледі. Ағымдағы жылы барлығы Балқаш-Алакөл басейні бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 1 млн 200 мыңнан астам балық шабақтары жіберілді.