Елордада Республика күніне орай білім беру саласының 68 қызметкері марапатталды

20 азамат  ұзақ жылғы еңбегі үшін «Парасат» ордені, «Құрмет» наградасы, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» грамотасына ие болды.

Сондай-ақ елдің әр өңірінен келген 40-тан астам педагогке «Еңбек ардагері» медалі, «құрметті қызметкер», министрдің грамотасы мен «министрлікке еңбек сіңірген қызметкер» дипломдары табысталды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев,, марапатталған азаматтарды Республика күнімен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Әрбір жасалған еңбектің бағасы болу керек. Ұстаз болу оңай шаруа емес. Еліне қызмет етіп қоймай, сол елдің тұғырын биіктететін азаматтарды тәрбиелеп жатқан ұстаздар, ұстаздың алдынан қарадан ханға дейін өтеді. Сондықтан елдің мықты болуы ұстазынан. Ал сіздер нағыз ұстассыздар. Нағыз ұстаздар ерлікке тең қызмет атқарады.