Алматы облысында 35 мың гектар жер қайтарылды

Алматы облысында 35 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта әр аудандағы  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге талдау жүргізілді. Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 20 жер телімі анықталды. Облыстық  мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 7 аудандағы бос жатқан жерлер мемлекет қорына қайтарылды. Енді оларды бөлу жұмысын жергілікті билік жүргізеді.

Жалпы жыл басынан бері Қонаев қаласының өзінде сот шешімімен және өз еркімен қайтарылған жер көлемі – 13 мың гектар. Жайылымдық және суармалы жер телімдерін қайтару жұмысы жалғасып жатыр.

Рауан Жамағатов, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

- Қазір 5мың гектары Шеңгелді ауылдық әкімдігі аппаратында рәсімделу үстінде. Қалған 12 мың гектарға жуық жерлер бүгінгі таңда 29 cубъекті бойынша сот отырысында қарастырылып жатыр әлі.