Ел шығысында су тасқынының алдын алуға бөлінетін қаржы көлемі артады

Жоспарға сай, шалғай аудандарда судан қорғау нысандарын салу мен арық жүйелерін қалпына келтіруге 30 млн теңге бөлінеді.

Қосымша қаржыландыруға берілген өтінімді жергілікті мәслихат мақұлдады. Бұл қаржы сондай-ақ облыстың таулы аудандарындағы жағалауларды нығайтуға жұмсалады. Жақында апатты жағдайда тұрған бөгеттерді жөндеу аяқталады.  21 нысанның он сегізінде жұмыс бітіп тұр. Мамандар елімізде су тасқынынан қорғайтын 40-тан астам ірі гидроқұрылғы қайта жаңартылғанын айтады.

Дина Бексұлтанова, облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы:

- Осы күзгі кезеңдегі тасқын суға қарсы жұмыстарды жүргізу барысында Алтай, Риддер, Қатон, Күршім және тағы басқа аудандар бойынша тасқын суға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар айта кететін тағы да бір жәйт 2021 - 2023 жылдардағы жоспарланған тасқын суға қарсы іс -шаралар Жол картасы бойынша бізде 21 жоспарланған іс-шаралар ішінде 18-і аяқталып, 3 іс- шара бойынша ол Глубокое  мен Зайсан аудандары бойынша жұмыс басталды.