Елорданың өз Жұмбақтасы бар

Алайда, көлдің ортасындағы әсем көрініс емес, қоқыстан жасалған арт-жоба.

Ондағы қалдықтарды еріктілер Бурабай демалыс аймағынан жинаған. Мұндағы идея - азаматтарды қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үндеу. Расында, туристік орындарға қоқыс қалдықтарын тастау әрекеттері экология жанашырларының алаңдаушылығын тудырып отыр.