Ресейдегі отандастарымыз қазақстандықтардың қайғысына ортақ

Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Мәскеуде Қазақстан елшілігі ғимаратында көк туымыз төмен түсірілді.

Жерлестеріміз елшілік маңына жиналып, Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдіріп жатыр.

Гүлжан Қожамжарова, Мәскеу тұрғыны:

- Алыста жүрсек те, жүрегіміз жерлестерімізбен бірге. Әрине, не көңіліміз, не жүрегіміз қабылдамайтын хабар. Алыста жүрсек те, жүрегіміз бір, қайғыны бөліссе, азаяды дегендей. Біз жүрегімізбен, ниетімізбен сіздермен біргеміз; қайғыларыңызға ортақпыз.

Асхат Оралбеков, студент:

- Қарағанды облысында болған апаттық жағдай Мәскеуде оқып жатқа барлық казак студентерінің көңіліне кірбің түсірді. Барлығымыз қайғырдық; өте жаман хабар естідік. Еліміздің туы ешқашан төмен түспесін. Қайтыс болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз.