Шахтадағы тексеру жұмыстары: 43 кеншінің сүйегі табылды

Төтенше жағдайлар министрі шахтаға түсіп, өрт және кеншілер опат болған аумақта тексеріс жүргізді.

Сырым Шәріпханов қазір Аварияны жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы екенін айта кетейік. Осы уақытқа дейін 43 кеншінің сүйегі табылды. 3 адамды іздеу жалғасып жатыр. Іздестіру жұмыстары 2 өндірістік аумақты қамтиды. Екі аралық шамамен бір-бірінен 4 шақырымдай қашықта орналасқан.