Костенко шахтасында құтқару жұмысы жалғасып жатыр

Қарағанды облысының Костенко шахтасында құтқару жұмыстары жалғасуда.

Соңғы мәлімет бойынша 45 адамның денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда. Жұмыстар кезең-кезеңмен өтуде. Әуелі құтқару шаралары жүргізіліп, бұдан соң аумақ қайта тексеріледі. Мамандар, сондай-ақ жарылыс кезінде бүлінген тау-шахталық қондырғыларды жер бетіне шығаруда. Апат орнының қауіпсіздігіне көз жеткізілген соң шахтаға тергеуді жүргізетін мемлекеттік комиссия өкілдері түседі.

Геннадий Силинский, кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі республикалық орталық штабы филиалының орынбасары:

- Шахталарда тексеру жұмыстары жалғасуда. Кейбір аумақтарда тау жыныстарының опырылуы байқалған. Шахтадағы газ мөлшерін анықтағаннан кейін сорғыларды орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі.