Ұлытау облысының туристік әлеуеті артады

Ұлытау облысында туристік әлеуетті арттыру үшін ілкімді істер қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірдегі демалыс және тарихи орындарды абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ал келер жылы Сәтпаев қаласынан «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені және Домбаул кесенесіне дейінгі жолда жөндеу жұмыстары аяқталады.

Сондай-ақ Әулиетау тауының етегін, Күмісбұлақ және Тасбұлақ аумағын абаттандыру қолға алынады. Аталған нысандардың эскиздік жобалары әзірленді. Ал қараша айында облыстың «Visitulytau» туристік ақпараттық порталы іске қосылады.

Данияр Арынғазин, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы:

- Салынған қонақ үйлердің құрылысына, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстауына, сонымен қатар тиісті микроавтобустарды сатып алуға мемлекет тарапынан сәйкесінше қолдау көрсетіліп, субсидияланады. 10%-тен 25%-ке дейін.