«АрселорМиттал Теміртау»: өндірістік қауіпсіздік күшейтіледі

АрселорМиттал Теміртау компаниясының одан арғы жұмысында өндірістік қауіпсіздікті сақтауға барынша ден қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарапайым жұмысшылардың еңбек жағдайы жақсартылады. Заң жобасына осыған қатысты маңызды түзетулер әзірленіп, құжат Үкіметке жолданды. Бұл жайында депутат Арман Қалықов мәлімдеді. Атап айтқанда, мемлекеттік қадағалау күшейтіледі. Жиында елдегі ірі өндірістік кәсіпорындарды тексеруге мораторийді алып тастау қажеттігі де айтылды. Сондай-ақ депутат «бұл инвестор елден кетсе, өндіріс тоқтайды деген қорқыныш болмау керек» деді. Себебі кәсіпорынның өз кірісі жеткілікті, елде тікелей инвестор атана аталын кәсіпкерлер бар. Қорыта айтқанда, ешкім Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Рудныйды қолдаусыз қалдырмайды деп түйіндеді депутат өз сөзін.

Арман Қалықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «АрселорМиттал» осы уақытқа дейін үнемдеумен келді. Тек ресми дерек бойынша, соңғы 4 жылда компания жылына 200 миллиард теңгеден аса табыс тауып, оның басым бөлігін шетелге шығарған. Өндірістік қауіпсіздікке инвестиция салу, барлық өндірісті жаңғырту туралы келісім жайында әрекет жасалғанымен, компания бұған келіспеді. Қорытындысында жүздеген қазақстандық қаза болды.