Түркістанда 20 автобус сатып алынды

Түркістанның автобус паркі 20 автобуспен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада 21 бағыт бойынша 2 тасымалдаушы мекеме қызмет көрсетеді.  Күнделікті 220 автобус жолаушы тасымалдайды. Қолданысқа берілген қоғамдық көліктер 7-ші және 31-ші бағыт бойынша қатынайды. Сыйымдылығы 60 адамға арналған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, салқындатқыш жүйе және бейнебақылау құралымен жабдықталған. Электронды төлем жүйесі де қарастырылған. Құны 1 млрд теңгелік әлеуметтік жоба аясында 50 жұмыс орны ашылды.

Қуатжан Жұматаев, облыстық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:

- Тасымалдаушы компания келесі жылы тағы да 28 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар бізде 10 ауданда ауданішілік бағыттар субцидия алып жатыр. Тасымалдаушының табыс көзі көбейеді. Табыс көбейген соң біздің талап күшейеді. Талап күшейгені жаңа автобустар сатып алуы керек.