Астанада мажар ақынының құрметіне көше атауы берілді

Астана көшелерінің біріне мажар ақыны Шандор Петөфидің есімі берілді.

Тұран даңғылынан Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта орналасқан бұрынғы Е-108 көшесі енді мажар ақынының атымен аталады. ШАндор Петөфи, - 19 ғасырдағы Мажарстан революциясының белсенді қайраткері. Оның «Ұлтқа», «Дунайда» және «Тұтқындағы арыстан» өлеңдері мажар халқы патриотизмінің ерекше символына айналған. Салтанатты рәсім екі елдің Қазақстан сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өтті.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

- Қазақтың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, өмірдегі ең үлкен бақыт – ұлтқа қызмет ету. Ш. Петөфи де өз елінің игілігі үшін жанын пида еткен, жанын қиған азамат. Сондықтан барлығымыз үшін бұл ортақ жақсылық деп ойлаймын. Елорда төрінде Мажар халық ақыны көшенің ашылуы тарихы ортақ бауырлас халықтарды байланыстыратын тағы бір соқпақ жол ретінде санаймыз.