ШҚО-да улы газды анықтайтын 2400 датчик қойылды

Шығыс Қазақстан облысында соңғы 4 жылда улы газды анықтайтын датчиктер арқасында 37 адамның өмірі аман қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, ақылды қондырғы тиімділігін дәлелдеп келеді, - дейді мамандар.

Аймақта пешпен жылынатын жер үйлерге осындай датчиктер орнату белсенді жүріп жатыр. Құтқарушылар үйлерді аралап, пеш пен мұржаның қаншалықты талапқа сай екенін тексеріп шықты. Биыл 2400 қондырғы қойылса, жыл соңына дейін тағы осынша орнату жоспарланған.

Жадыра Аманғалиқызы, ТЖД бас маманы:

- Жалпы соңғы жылдардың ішінде 16 мың осындай датчиктер орнатылды. Жалпы алатын болсақ, жыл басынан бері иіс тиіп, 4 адам қаза болса, 23 адам улы газдан зардап шекті.