1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор - балаларға» жобасы іске қосылады

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор - балаларға» жобасы іске қосылады.

Оған сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық баланың шотына жіберіліп отыруы тиіс. Кейін бала кәмелет жасқа толған соң, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында арнайы шот ашылады. Яғни жиналған қаржы оның өз меншігіне өтеді. Бұл ақшаны баспана сатып алуға немесе білімін жетілдіруге жұмсай алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 18 жасқа дейінгі балалар туралы деректерді «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан алады. Ұл-қызының бағдарламаға қатысушы болғаны туралы ақпаратты ата-аналар «егов.кз» порталындағы жеке кабинетінен көре алады.