Елдегі 176 ауылға интернет тартылды

Елде «KazSat» спутниктері арқылы шалғайдағы 176 ауылға интернет тартылды.

Осылайша, бұрын желіге қосылу үшін төбе жағалаған тұрғындар қазір үйлерінде отырып, әлеуметтік желіге еркін кіре алады. Мемлекеттік қызмет пен банк қосымшаларын пайдалануға да мүмкіндік туды. Сапаны бақылау мақсатында «Республикалық ғарыштық байланыс орталығының» өкілдері жуырда интернет тартылған Красное озеро және Родники ауылдарына барды. Кездесуде жергілікті халық алғысын айтты.

Абзал Алиев, Республикалық ғарыштық байланыс орталығының департамент директоры:

- Бұл ауылдарды бұған дейін интернет болмаған. Енді қаламен, туыстарымен байланысы жақсарып, өздеріне қажетті контент алып отыр. Биылға 176 ауыл қосылып отыр. Келесы жылға жоспарлап отырмыз - 328 ауылды қосамыз деп.

Андрей Шевченко, Родники ауылының тұрғыны:

- Бұған дейін қоңырау шалу немесе әлеуметтік желі арқылы хат жолдау үшін жақын аумақтағы төбеге шығып, желі іздейтін едік. Қазір интернет қосылғалы бейнебайланыс арқылы да хабарласатын болдық. Түзден гөрі үйде сөйлескен жайлы екен.