Елімізде халықты жұмыспен қамту 39% артты

Елімізде жұмыспен қамтылған халық саны 39%-тен артты.

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 9 миллионнан астам адамның тұрақты жұмысы бар. Бұл деректер Ұлттық статистика бюросының халықты жұмыспен қамту бойынша тақырыптық жинағында жарияланды. Бюро мәліметінше, жұмыс істейтіндердің көбі қалаларда тұрады. Яғни, жаңа көрсеткіш бойынша бұл 62,5% құрап отыр. 2009 жылғы санақпен салыстырғандағы динамикалық өзгерістерді көруге болады.

Сонымен қатар жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 3%-ке өскен. Қазір олардың саны 1,5 миллионға жуықтады. Екі қолға бір күрек тапқандардың көбі ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп жүр.

Жанар Ахметова, Ұлттық санақтар басқармасының басшысы:

- Барлық салалар ішінен 2009 ж. салыстырсақ, ауыл шаруашылығы саласы жетекші рөл атқарып отыр. Онда жұмыспен қамтылған халықтың пайыздық үлесі 15,3% құрап, 1,4 млн адамға жетті. Одан кейін сауда-саттық, үшінші орында – өнеркәсіп.