Киік мүйізі шетелге сатылуы мүмкін

Ақбөкеннің мүйізі шетелге сатылуы мүмкін.

Дәл қазір киік өнімдерін экспорттауға халықаралық қауымдастық тыйым салған. Алайда министрлік өкілдері Женева қаласында СІТЕЅ Хатшылығымен бұл мәселені кеңесіп жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, рұқсат берілген бойда мүйіздерді экспорттау басталады. Ресми жауап шамамен 2025 жылдың басында келуі мүмкін. Ал оған дейін киік мүйіздері арнайы орында сақталады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Ақбөкен мүйізінен Шығыс елдері, негізінен Қытай дәрі-дәрмек әзірлейді. Қазіргі уақытта біздің оны сатуға мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ келіссөз жүріп жатыр. Оған дейін мүйіздер «Охотзоопромның» арнайы орындарында таңбаланып, сақталады. Қазір ешқайда сатып жатқан жоқпыз. Бірақ болашақта сыртқы нарыққа экспорттауды жоспарлап отырмыз.