Шымкентте жастарға арналған жалдамалы пәтерге өтініш қабылдау басталды

Шымкентте жастарға арналған жалдамалы пәтерге өтініш қабылдау басталды

Шымкентте жастарға арналған жалдамалы пәтерге өтініш қабылдау басталды.

"Тұран-2" шағын ауданынан 888 пәтер бөлінген. Қатысушыларға қойылатын басты талап- жұмысы және ай сайын ең кемі 138 мың теңге табысы болуы керек. Сондай-ақ өтініш берушінің иелігінде жылжымайтын мүлкі болмауы шарт. Қалада 3 жылға дейін тұрақты тіркеуде болғанын растайтын құжат сұралады. Электронды порталға бір тәулікте 2 мыңнан аса өтініш түсті. Мамандардың айтуынша олардың отбасы құрамы, еңбек өтілі және  жетістігі балдық жүйе негізінде есептеледі. Пәтердің шағын ауданы да адам санына қарай белгіленеді. Аймақта 2019 жылдан бері сатып алу құқығынсыз жалға баспана беріліп келеді.

Жұлдыз Ордабекова, қалалық тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы:

- Бұған дейін біз 2061 азамат тұрғын үймен қамтылған болса, биыл 888 азаматты қоныстандырамыз деп жоспарлап отырмыз. Биылғы жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес министрліктің бұйрығы бойынша 60% үйленгендерге беріледі. 40% некеде жоқ азаматтарға беріледі тұрғын үйлер.