Жамбыл облысында бюджет қаржысын жымқырғандар сотталды

Жамбыл облысында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған 7 адамға қатысты Сот үкімі шықты.

Меркі аудандық №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры мен сыбайластары,, ақшаны жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтері үшін,, алып отырған. Келтірілген залал көлемі 16 миллион теңгеден асады. Қазіргі таңда күдіктілердің кінәсі расталды. Мекеме директоры мен екі көмекшісі,, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына және 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қалған сыбайластыры 2 жыл 6 айға абақтыға қамалды. Қылмыстық іс бойынша келтірілген шығынның 6,7 миллион теңгесі өтелді.