Киіктің мүйізі мемлекетке тапсырылады

Арқалық ет комбинаты да киік етін қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жануарлар өнеркәсіптік негізде ауланады. Қостанай облысында киік аулау қараша айының соңына дейін жалғасады. Осылайша, бетпақдала популяциясына жататын түз тағысының санын реттеу көзделіп отыр. Соңғы 2 жылда киік басы жеті есе өскен. Қазір жалпы саны 745 мыңдай. Ақбөкендер егін алқаптарын таптап, біраз нұқсан келтірген, - дейді мамандар. Енді олардың санын кемі 15%-ке азайту мақсаты тұр. Яғни, 44 мың бас ауланып, етке өткізіледі. Ал мүйізі мемлекетке тапсырылады.      

Жәнібек Ерсұлтанов, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инпекциясы басшысының м.а.:

- Ет комбинатына жеткізгеннен кейін киіктің мүйіздері кесіліп алынады да, оған «иденфикционный номер» дейміз ғой, нөмір салынады. Нөмір салынғаннан кейін оның бәрі журналға енгізіледі. Жазылады, журналға жазылғаннан кейін бөлмеде сақталады. Одан кейін оның бәрі есептелгеннен кейін Алматыға охотпромға жеткізіледі де, мемлекетке тапсырылады.